Оларға құтқарушылар көмекке жетті
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасында қайықпен серуенге шыққан екі әйел су ортасында қалып қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 112 қызметіне Алтай ауданына қарасты Солдат шығанағында екі әйел адамның өздігінен жаға жете алмай қалғаны туралы хабар түскен.
Құтқарушылар жеткенге дейін оқиға куәгерлері әйелдерге көмектесіп, оларды жағаға шығарған. Кейін олар жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ құтқарушылары екі әйел мен шағын көлемді қайықты жағаға эвакуациялады.
Абырой болғанда, әйелдерге медициналық көмек қажет болған жоқ.