Қазақстанда жалғыз әкесін үйінен қуып шықпақ болған әйелді сот тоқтатты

Автор: Аягөз Құрмаш

Әкесі осыған дейін де сол баспанада тұрып келген

Фото: istockphoto.com

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот қызының әкесін өз атына тіркелген тұрғын үйден қуып шығуына жол бере алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс материалдарына сәйкес, әйел сотқа жүгініп, тұрғын үйдің заңды меншік иесі болғандықтан әкесін үйден шығаруды сұраған. Алғашқы сот инстанциясы талап арызды қанағаттандырғанымен, апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойған.

Сот барысында жауапкердің талапкердің туған әкесі екені және оның 2022 жылдың қыркүйегінен бері аталған үйде заңды негізде тұрып келе жатқаны анықталды. Сонымен қатар үй иесі ұзақ уақыт бойы әкесінің сол үйде тұруына қарсылық білдірмеген.

Апелляциялық сот «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 68-бабына сүйеніп, меншік иесінің отбасы мүшелері тұрғын үйді иесімен тең дәрежеде пайдалануға құқылы екенін атап өтті. Сондай-ақ әкесін үйден шығару оның жалғыз баспанаға деген құқығын бұзатынын ескерді.

Кассациялық сот апелляциялық сатының қорытындысымен келісіп, оның шешімін өзгеріссіз қалдырды.