18 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстық күтіледі

Синоптиктер елдің басым бөлігінде аптап ыстық сақталатынын, ал бірқатар өңірде нөсер жаңбыр, бұршақ, екпінді жел және шаңды дауыл болатынын ескертті

18 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстық күтіледі
Фото: © istockphoto.com

Синоптиктер Қазақстан аумағында алдағы сенбі, 18 шілдеде қалыптасатын синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжам ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, ел аумағында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ пен найзағай болады, сондай-ақ аптап ыстық күтіледі.

Болжам бойынша, күндіз бірден 16 өңірде әдеттен тыс, кей жерлерде қауіпті аптап ыстық болады.

Қатты ыстық 11 өңірде күтіледі:

  • +35...+39°C-қа дейін – Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Абай және Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында;
  • +38...+42°C-қа дейін – Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында;
  • +40...+44°C-қа дейін – Қызылорда облысында.
  • Өте қатты ыстық 9 өңірде күтіледі:
  • +43...+45°C-қа дейін – Жамбыл облысында;
  • +45...+48°C-қа дейін – Қызылорда және Түркістан облыстарында;
  • +40...+45°C-қа дейін – Алматы және Жетісу облыстарында;
  • +40...+42°C-қа дейін – Ұлытау облысында, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ Абай облысында.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, шығыста қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста бұршақ жауып, екпінді жел соғады», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі сақталады.

Жоғары өрт қаупі Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысы мен солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының батысы, шығысы мен орталығында, Қостанай облысының батысы, шығысы мен орталығында, Ақмола облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Павлодар облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында күтіледі.

Төтенше өрт қаупі Қызылорда және Түркістан облыстарында, Жетісу облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында, Абай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен орталығында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Ұлытау және Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Атырау облысының солтүстік-батысында күтіледі.