Air Astana күзге дейін Дубайға қатынайтын рейстерін тоқтатты

Автор: Бақыт Шынар

Компанияның ұшақтары 21 шілдеден бастап ұшпайды

Фото: Air Astana баспасөз қызметі

Air Astana компаниясы Ормуз бұғазы мен осы аймақтағы аймақтағы жағдайдың нашарлауына байланысты 21 шілдеден бастап 31 тамызға дейін Дубайға ұшпайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

21 шілдеге дейінгі рейстер сондағы жолаушыларды Қазақстанға қайтару үшін ұшады.

«Жолаушыларға билеттердің құнын толық қайтарамыз немесе кейінгі күндер жылжыта аламыз. Болмаса, Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондау ұсынамыз», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Тегтер: