Құрбан айт кезінде мал тасымалының жолын кесу үшін Алматыда блок-бекеттер қойылады

Құрбан айт мерекесінде 14 полиция бекеті жұмыс істейді

Құрбан айт кезінде мал тасымалының жолын кесу үшін Алматыда блок-бекеттер қойылады

Алматы қаласында құрбан айт мерекесінде 14 полиция бекеті жұмыс істейді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 53 қаулысына сәйкес Алматыға кіреберісте қалаға жануарлар жеткізілуінің алдын алу және жолын кесу үшін бекеттер ұйымдастырылды.

«Көлік, оның ішінде жануарларды тасымалдауы мүмкін болатын жүк көліктері тоқтатылатын болады. Осыған байланысты біз азаматтарды саналы болуға, заңға бағынуға және ең алдымен, коронавирустық инфекцияны азайтуға бағытталған талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз. Мұның алдында құрбандық шалудың нақты алгоритмі жарияланған болатын және жаһандық пандемия жағдайында соны ұстанған дұрыс», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.