$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.07.2020, 17:45
Жаңалықтар

Coca-Cola компаниясы Қазақстанға коранавируспен күреске 130 млн теңге бөлді

Бөлінген қаражат елдегі медицина ұйымдарына жіберілді

Coca-Cola компаниясы Қазақстанға коранавируспен күреске 130 млн теңге бөлді
Фото: ашық дереккөзден

«Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК компаниясы қазақстандықтарға қолдау көрсетті. «The Coca-Cola Foundation» халықаралық қайырымдылық қоры Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысының бір бөлігі болып табылатын қазақстандық ұйымға COVID-19 инфекциясымен күреске шамамен 130 млн теңге бөлді. Бұл туралы «Kazakh Invest» ҰК баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған қаражат қажетті медициналық құрал-жабдықтар және бірнеше рет обаға қарсы қолдануға болатын 1,6 мыңнан астам костюм сатып алу үшін Балалар жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасының, Алматы қаласының Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына, Ұлттық фтизиопульмонология орталығына, Halyk Arena мұз аренасы базасында ашылған инфекциялық стационарға, Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына, әскери клиникалық госпитальге, Алматы теміржол ауруханасына, «Қазақстан» санаториіне, ҚР Ұлттық гвардиясының 5571 әскери бөлімінің медициналық бөлімшесіне, Хирургия институтына, Республикалық қан орталығына бағытталды.

Сондай-ақ қорғаныс құралдарының бір бөлігі Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың қызметкерлеріне берілді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Kazakh invest #Coca-Cola