Майра Мелдебекова Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
Тиісті қаулыға Үкімет қол қойды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Майра Мелдебекова Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі лауазымынан босатылған.
Майра Мелдебекова 1971 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Шымкент қаласы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы орта мектептерде математика және информатика пәндерінің мұғалімі болып бастаған. 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жүйесінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды.
2018–2020 жылдары Қызылорда облысының білім басқармасын басқарды. Кейін Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетіне жетекшілік етті. Одан соң әуелі Білім және ғылым министрлігінің, кейін Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2025 жылғы 26 мамырда Майра Мелдебекова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалған еді.