Ақмола облысының жан-жағындағы құрғақ дала жанып жатыр: өрттің жалпы аумағы 250 гектардан асқан (ВИДЕО)

Автор: Асқарова Қарлығаш

Өрттің басым бөлігі оқшауланды, алайда әлі толық сөнген жоқ

Фото: Ақмола облысының ТЖД

Ақмола облысында бір тәулік ішінде жеті дала өрті тіркеліп, өрт сөндірушілер өрттің басым бөлігін сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Көкшетау – Омбы автожолы бойында, Атбасар ауданындағы Сепе ауылының маңында, Ерейментау ауданындағы Шарықты ауылының аумағында, Астрахан ауданындағы Астраханка ауылында, Бурабай ауданындағы Наурызбай батыр және Мезгілсор ауылдарының маңында, сондай-ақ Ақкөл ауданындағы Первомайка мен Каменка ауылдарының арасында болған.

Сонымен қатар Ерейментау, Ақкөл аудандарында және Степногорск қаласының аумағында өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

«Ақмола облысы ТЖД, Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД, «Қазавиақұтқару» АҚ, жергілікті атқарушы органдар және орман шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде барлық өрт ошақтары сөндірілді. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Жалпы жанған аумақ 250 гектардан асты», – деп хабарлады Ақмола облыстық ТЖД.

Өңірде аптап ыстық пен құрғақшылық сақталып отырғандықтан, құтқарушылар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Далада от жақпауға, сөндірілмеген темекі тұқылын тастамауға және құрғақ шөпті өртемеуге кеңес береді.