Құрылтай сайлауының күнтізбелік жоспары да бекіді
Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі қаулысымен 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді. Бұл жайлы комиссия отырысында ОСК хатшысы Шавкат Өтемісов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аталған жоспарға сәйкес, Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 13 шілдеде, яғни кеше, сағат 18:00-де аяқталды.«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі.Біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша Құрылтай депутаттарын сайлау үшін партиялық тізімге адамдарды енгізу саяси партияның жоғары органының мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырылады.Саяси партиялардың партиялық тізімге осы партияның мүшесі болып табылмайтын адамдарды енгізуге құқығы жоқ», - деді ол.
Шавкат Өтемісов атағандай, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы шешімі азаматтың партиялық тізімге енгізілуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына ұсынылады.
«Тіркеуге бір саяси партиядан депутаттық мандаттардың белгіленген санының 30 пайызынан аспайтын адам енгізілген бір ғана партиялық тізім ұсынылады.Әрбір партиялық тізімде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың жиынтық үлесі тізімге енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс», - деді ол.
2026 жылғы 13 шілдедегі сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына жеті саяси партияның партиялық тізімдері ұсынылды:
Конституциялық заң талаптарына сәйкес саяси партиялар мынадай құжаттарды ұсынды:
«Егер кандидат мүгедектігі бар адам болса, көрсетілген құжаттарға халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама қоса ұсынылады.Партиялық тізім ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясының шотына өз қаражаты есебінен сайлау жарнасын енгізеді.Сонымен қатар, Парламент Мәжілісінің сегізінші шақырылымында қызмет атқарған саяси партиялар сайлау жарнасын төлеуден босатылады.Осылайша, Құрылтай депутаттығына өз кандидаттарын ұсынған жеті партияның тек екеуі ғана сайлау жарнасын төлейді.Сайлау жарнасының мөлшері туралы Орталық сайлау комиссиясының алғашқы отырысында жан-жақты түсіндірілген болатын.Қазіргі уақытта барлық саяси партиялар ұсынған құжаттар партиялық тізімге енгізілген азаматтардың Конституцияның 35-бабының 3-тармағында, 54-бабының 3-тармағында және Конституциялық заңның 4-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданды», - деді ол.
Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеу 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18:00-де аяқталады.