13 шілдеге арналған ауа райы: Қазақстанда 30 градустан жоғары аптап ыстық сақталады

Автор: Алмас Ерсін

Елдің басым бөлігінде +33...+40 градус ыстық күтіледі, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі

Фото: © istockphoto.com

13 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Кейбір өңірлерде ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі. Бірқатар аймақта өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +35...+37 градус.

Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +34...+36 градус.

Шымкентте ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +24...+26, күндіз +39...+41 градус.

Ақтөбеде ауыспалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +30...+32 градус.

Ақтауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +33...+35 градус.

Атырауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +34...+36 градус.

Жезқазғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +39...+41 градус.

Қарағандыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +33...+35 градус.

Көкшетауда ауыспалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +34...+36 градус.

Қонаевта ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +36...+38 градус.

Қостанайда ауыспалы бұлтты. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +32...+34 градус.

Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +26...+28, күндіз +43...+45 градус.

Павлодарда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +33...+35 градус.

Петропавлда ауыспалы бұлтты. Кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +34...+36 градус.

Семейде ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +32...+34 градус.

Талдықорғанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +33...+35 градус.

Таразда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +37...+39 градус.

Түркістанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +25...+27, күндіз +41...+43 градус.

Оралда ауыспалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус.

Өскеменде ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +32...+34 градус.