Пашинян жыл соңына дейін Арменияның жаңа конституциясының жобасын жарияламақ
Нақты мерзімі айтылған жоқ
Армения премьер-министрі Никол Пашинян осы жылдың соңына дейін елдің жаңа конституциясының жобасын жариялауға уәде берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Нақты мерзімін айтпай-ақ қояйын, бірақ жыл соңына дейін жариялаймыз», - деді Армения премьері журналистерге берген сұхбатында.
Сонымен қатар, ол жобаның бұған дейін неліктен жарық көрмегенін түсіндірді. Оның айтуынша, бұған кезекті парламенттік сайлаудың жақындауы кедергі болған, сондықтан құжатты тиісті деңгейде талқылау мақсатында Арменияның жаңа негізгі заңының жобасын жариялау мерзімін шегеру туралы шешім қабылданған.
Бұған дейін премьер-министр «Армения азаматтарымен органикалық түрде байланысты болатын» жаңа конституцияны қабылдауды өзінің саяси мақсаты ретінде белгілеген болатын.