Бурабайда жағдайы күрт нашарлаған үш жасар сәбиді полицейлер жедел түрде ауруханаға жеткізді (ВИДЕО)
Оқиға 5 шілдеде Бурабай ауданында болған
Бурабайда жағдайы күрт нашарлаған үш жасар сәбиді полиция қызметкерлері жедел түрде ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 5 шілдеде Бурабай ауданында болған. Кенеттен жағдайы нашарлаған үш жасар баланы аудандық ауруханаға жедел жеткізуге Бурабай аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Мерей Асылқанов пен Бауыржан Ғалымов көмектесті.
Полицейлердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында бала дер кезінде қажетті медициналық көмек алды.
«Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Баланың анасы Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне кәсібилігі, жеделдігі және қиын сәтте көмекке дайын болғаны үшін алғысын білдірді», – делінген ПД хабарламасында.