Францияда тергеушілер Павел Дуровты төртінші рет жауап алуға шақырды

Осымен одан төртінші мәрте жауап алынып отыр

Францияда тергеушілер Павел Дуровты төртінші рет жауап алуға шақырды
Фото instagram.com/durov

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров 2024 жылы өзіне қарсы басталған тергеу аясында француз тергеушілері тарапынан тағы да жауап алуға шақырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Agence France-Presse агенттігінің мәліметінше, Дуров жауап алуға жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де келген. Тергеушілермен әңгімелесу алты сағаттан астам уақытқа созылды. Бұл ол үшін тергеу аясындағы төртінші жауап алу болды.

«Павел Дуровқа қарсы қылмыстық іс қозғалғаннан кейін екі жылға жуық уақыт өтсе де, тағылған айыптардың негізділігін растайтын ешқандай дәлел әлі күнге дейін жоқ», - деп мәлімдеді оның адвокаттары.

Сондай-ақ қорғаушылар тарапы француз құқық қорғау органдарының әрекетіне қатысты Францияның өзінде де, еуропалық сот инстанцияларында да шағым түсіруге ниетті екендіктерін жеткізді.