+45 градусқа дейін аптап ыстық болады: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
8 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде қатты ыстық, найзағай, бұршақ, нөсер жаңбыр мен екпінді жел күтіледі
8 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с жетеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады. Күндіз облыстың батысында қатты ыстық күтіледі, ауа температурасы +40…+41°C-қа дейін көтеріледі.
Атырау облысында түнде және таңертең солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Атырау қаласында да өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанып отыр. Күндіз +35°C ыстық болады, кейін облыстың барлық аумағында ауа температурасы +40…+41°C-қа дейін көтеріледі.
Ұлытау облысында күндіз +35…+37°C қатты ыстық күтіледі. Ал алдағы күндері алдымен батысы мен оңтүстігінде, кейін бүкіл аумағында өте қатты ыстық болып, ауа температурасы +40…+41°C-қа жетеді.
Қарағанды облысында түнде шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Қарағандыда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде өте қатты ыстық болады, ауа температурасы +40…+41°C-қа дейін көтеріледі.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбырға байланысты беткейлік ағын қалыптасып, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Абай облысында түнде батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр, найзағай, солтүстігі мен оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні күндіз 23-28 м/с жетуі мүмкін. Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысында түнде оңтүстігі мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Өскеменде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.
Ақмола облысында түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз дауыл тұруы мүмкін. Астанада жаңбыр, найзағай, күндіз дауыл және екпіні 15-18 м/с болатын жел күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде күндіз +36°C қатты ыстық болады, ал алдағы күндері ауа температурасы +40…+41°C-қа дейін көтеріледі.
Ақтөбе облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Ақтөбеде жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Күндіз облыстың шығысы мен орталығында +35…+38°C қатты ыстық, кейін батысы мен оңтүстігінде +40…+41°C өте қатты ыстық күтіледі.
Қостанай облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қостанайда күндіз +35°C қатты ыстық болады. Облыс бойынша ауа температурасы +35…+38°C, ал алдағы күндері оңтүстігінде +40…+41°C-қа дейін көтеріледі.
Павлодар облысында түнде және таңертең батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Павлодарда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Алдағы күндері облыстың батысы мен оңтүстігінде өте қатты ыстық болып, ауа температурасы +40…+41°C-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысында күндіз шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +35°C қатты ыстық болады, ал алдағы күндері облыстың оңтүстігінде ауа температурасы +40…+41°C-қа дейін көтеріледі.
Алматы облысында түнде оңтүстігінде және таулы аудандарда аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз батысы мен шығысында аздаған жаңбыр, оңтүстігі мен таулы аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай, тауда кей уақытта қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15 м/с жетеді. Конаевта күндіз аздаған жаңбыр, найзағай және +35°C ыстық күтіледі. Облыста күндіз +35…+36°C қатты ыстық болады, кейін батысы мен орталығында ауа температурасы +40…+41°C-қа жетеді.
Жетісу облысында түнде орталығы мен таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тауда қатты жаңбыр мен бұршақ болуы мүмкін. Талдықорғанда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыста күндіз +35…+36°C қатты ыстық, ал алдағы күндері оңтүстігі мен орталығында +40…+41°C өте қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысында күндіз +40…+41°C қатты ыстық болады. Ал алдағы күндері облыстың оңтүстігінде ауа температурасы +45°C-қа дейін көтерілуі мүмкін. Қызылорда қаласында күндіз +40°C қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең батысында, солтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ болады. Ақтауда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігі мен солтүстік-шығысында +38…+41°C қатты ыстық, ал алдағы күндері +43…+44°C өте қатты ыстық күтіледі.
Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістанда да жел күшейіп, күндіз +40°C қатты ыстық болады. Облыс бойынша күндіз +40°C ыстық күтіледі.
Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен күшейеді. Күндіз облыс бойынша +38°C қатты ыстық күтіледі.