Сирияда Макрон аялдаған қонақүй маңында жарылыстар болды

Автор: Асыл Арман

Франция президентінің кеңсесі мәлімдеме жасады

Фото: Bild

Сирия астанасы Дамаск қаласының орталығында Франция президенті Эммануэль Макрон тоқтаған Four Seasons қонақүйінің маңында бірнеше жарылыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сириялық БАҚ-тың мәліметінше, оқиға болған сәтте Макрон Сирия президенті Ахмад аш-Шараамен кездесу үшін Президент сарайына бара жатқан.

Франция президентінің кеңсесі мемлекет басшысының аман-есен екенін және ресми сапарының жоспарға сай жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Ал Сирияның мемлекеттік БАҚ-тары қауіпсіздік құрылымдарындағы дереккөзге сілтеме жасап, екі жарылыс қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардан болғанын хабарлады.

Оқиға орнынан қою түтін көтерілген. Әлеуметтік желілерде өртеніп жатқан автокөлік пен көшедегі қан іздері бейнеленген кадрлар тарады.

Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ әзірге ешбір топ бұл оқиға үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Айта кетейік, бұл оқиға бірнеше күн бұрын Дамаскідегі Әділет сарайының маңындағы дәмханада болған жарылыстан кейін орын алып отыр. Сол кезде кемінде 10 адам қаза тауып, тағы 20 адам жараланған еді.

Тегтер: