Қазақстанда темекінің ең төменгі құны қымбаттауы мүмкін

Автор: Асыл Арман

Қазір Қазақстанда бір қораптың ең төменгі бағасы 970 теңге болып белгіленген

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бағасын көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы Қаржы министрінің бұйрық жобасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазір Қазақстанда 20 дана темекі немесе стиктен тұратын бір қораптың ең төменгі бағасы 970 теңге болып белгіленген. Дегенмен дүкендердегі нақты сауда бағасы бұдан әлдеқайда жоғары.

Жуырда ең төменгі шек тағы да өсуі мүмкін. «Ашық НҚА» порталында ҚР Қаржы министрінің темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеруді көздейтін бұйрық жобасы жарияланды.

Құжатта жаңа ең төменгі баға нақты көрсетілмеген. Алайда бұйрықтың күтілетін нәтижесі ретінде бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту көзделгендіктен, темекінің ең төменгі бағасы өседі деп болжанып отыр.

Тегтер: