Астана-Петропавл тасжолында жол апатынан бір адам көз жұмды

Қайғылы оқиға 3 шілде күні сағат 12:30 шамасында Астана-Петропавл автожолының 217-ші шақырымында болды

Астана-Петропавл тасжолында жол апатынан бір адам көз жұмды

Астана-Петропавл тасжолында болған жол апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 3 шілде күні сағат 12:30 шамасында Астана-Петропавл автожолының 217-ші шақырымында болды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Changan және Hyundai автокөліктерінің соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккендер де бар.

Полиция жүргізушілерді Ақмола облысының жолдарында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

«Ақмола облысы полицейлерінің пікірінше, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты сақтау және зейінділік, әсіресе демалыс күндері көлік ағыны едәуір артатын Астана-Петропавл автожолындағы жол-көлік оқиғаларын болдырмауға мүмкіндік береді. Жаңбырлы ауа райына байланысты жол жамылғысы тайғақ болады, тежеу қашықтығы және сырғанау қаупі артады. Жолдың жекелеген учаскелерінде қолайсыз ауа-райы жағдайында ұсынылған жылдамдық 50 км/сағ дейін, бұл туралы жол белгілері ескертеді», – делінген ПД хабарламасында.

Полицейлер жүргізушілерді жылдамдық режимін қатаң сақтауға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, кенет маневрлер мен тоқтаулардан аулақ болуға және жылдамдықты таңдағанда ауа-райын ескеруге шақырады.