03.07.2026, 14:48
Жаңалықтар
СҚО-да еңгезердей еркек 13 жасар қыз баланы қинап ұстап, зорлаған
Ол қыз баланы мотоцикліне отырғызып, ауылдан алыс жерге алып кеткен
Фото: freepik.com
СҚО-ның Айыртау ауданында 40 жастағы еңгезердей еркек 13 жасар қыз баланы қинап ұстап, зорлағаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Криминальный Казахстан» мәліметінше, 1 шілде күні жасөспірім қыз бала дүкенге шығып кеткен. Сол кезде 40 жастағы ер адам оны алдап, мотоцикліне отырғызып, ауылдан алыс жерге алып кеткен. Осыдан кейін қинап ұстап, арсыз әрекетін жасаған.
Мектеп оқушысын іздеу жұмысы түні бойы жүрген, тек таңғы 5-ке таман ауыл шетінен тапқан. Желідегі мәліметке сүйенсек, құқық қорғау қызметкерлері күдікті ер адамды қолға түсірді.
Агенттік тілшісі оқиға бойынша облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сауал жолдады.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды