Тегеранда Никол Пашинян мен Масуд Пезешкиан кездесті
Ол Әли Хаменеидің жерлеу рәсіміне барған
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Тегеранға сапары аясында Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкианмен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Armenpress агенттігінің хабарлауынша, Никол Пашинян Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің қазасына байланысты тағы да көңіл айтып, армян елі Иран халқының қайғысына ортақ екенін жеткізді. Өз кезегінде Масуд Пезешкиан Армения Премьер-министріне ресми қоштасу рәсіміне арнайы келгені үшін алғыс білдірді. Иран басшысы осындай қиын-қыстау сәтте Армения үкіметінің ұстанымы мен көрсеткен гуманитарлық көмегін жоғары бағалайтынын атап өтті.
Кездесу барысында Иран президенті Никол Пашинянды парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, екіжақты қарым-қатынастардың бұдан былай да дәйекті түрде дамып, нығая түсетініне сенім білдірді.
Тараптар өңірлік маңызы бар мәселелер бойынша да пікір алмасты. Олар аймақтағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған шараларды бірлесіп жалғастырудың маңыздылығына назар аударды.
Еске сала кетейік, Армения премьер-министрі 3 шілде күні Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеиді ақырғы сапарға шығарып салудың ресми рәсіміне қатысу үшін Тегеранға барған болатын.