Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында аптап ыстық +36 градусқа дейін сақталса, бірқатар өңірде бұршақ, шаңды дауыл мен екпінді жел күтіледі
3 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ, шаңды дауыл мен екпінді жел күтіледі. Ал елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы кей өңірлерде +36 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн ала бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +28...+30 градус.
Алматыда ала бұлтты ауа райы сақталады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз қатты жаңбыр мен дауылды жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +27...+29 градус.
Шымкентте ала бұлтты болады. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +26...+28 градус.
Ақтөбеде кей уақытта аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +24...+26 градус.
Ақтауда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +20...+22, күндіз +26...+28 градус.
Атырауда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +28...+30 градус.
Жезқазғанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Түнде +15...+17, күндіз +22...+24 градус.
Қарағандыда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауылды жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +29...+31 градус.
Көкшетауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Түнде +13...+15, күндіз +25...+27 градус.
Қонаевта таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауылды жел күтіледі. Түнде +18...+20, күндіз +29...+31 градус.
Қостанайда бұлтты ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ күтіледі. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +23...+25 градус.
Қызылордада кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Дауылды жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +27...+29 градус.
Павлодарда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +17...+19, күндіз +31...+33 градус.
Петропавлда бұлтты болады. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +24...+26 градус.
Семейде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +34...+36 градус.
Талдықорғанда жауын-шашын болмайды. Түнде +17...+19, күндіз +33...+35 градус.
Таразда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Таңертең және күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +23...+25 градус.
Түркістанда түнде және таңертең қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз шаңды дауыл болып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +30...+32 градус.
Оралда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +25...+27 градус.
Өскеменде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус.