01.07.2026, 12:59
Жаңалықтар
Екібастұзда скутермен келе жатқан 15 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Фото: видеодан скриншот
Екібастұз қаласында жеңіл автокөлік пен скутер соқтығысып, 15 жастағы жасөспірім жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол-көлік оқиғасы Мәшһүр Жүсіп пен Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Audi 80 автокөлігі Maxi-49 маркалы скутермен соқтығысқан. Салдарынан скутерде отырған 15 жастағы жасөспірім зардап шекті.
«Шақырту 30 маусым күні сағат 20:38-де түсті. Оқиға орнына жету уақыты 4 минутты алды. Зардап шеккен 15 жастағы жасөспірім Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды», – деп хабарлады жедел медициналық жәрдем қызметі.
Қазіргі уақытта полиция жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр. Апатқа қатысқан екі көлік те арнайы айып тұрағына қойылды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
