01.07.2026, 11:57
Жаңалықтар
Бибісара Асаубаева әлемнің үздік бес шахматшысының қатарына енді
Әлемнің үздік 100 шахматшысының қатарына Қазақстанның тағы үш өкілі енді
Фото: instagram.com/bibisarachess
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясы жариялаған жаңартылған рейтингте әлемнің ең үздік бес шахматшысының қатарына енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңартылған рейтингке сәйкес, Бибісара Асаубаева 2538 рейтингтік ұпай жинап, әлемдік рейтингтің алғашқы бестігін түйіндеді. Рейтингтің көш басында қытайлық гроссмейстер Хоу Ифань тұр.
Сонымен қатар әлемнің үздік 100 шахматшысының қатарына Қазақстанның тағы үш өкілі енді.

Меруерт Камалиденова 2400 ұпаймен, Лия Курманғалиева 2361 ұпаймен және Зарина Нұрғалиева 2339 ұпаймен үздік жүздікке кірді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
