Енді АҚШ-та туған кез келген сәби азаматтық ала алады: сот Трамптың даулы жарлығын жарамсыз деп таныды

Бұл АҚШ конституциясында бар тетік

Енді АҚШ-та туған кез келген сәби азаматтық ала алады: сот Трамптың даулы жарлығын жарамсыз деп таныды
Фото: @realdonaldtrump

АҚШ-тың Жоғарғы соты президент Дональд Трамптың туу арқылы азаматтық алу құқығын шектеуге бағытталған жарлығын жарамсыз деп таныды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, алты судьяның бесеуі бұл құқыққа АҚШ Конституциясы кепілдік беретінін мәлімдеді. Тағы бір судья Конституцияны мұндай түсіндірумен келіспейтінін айтқанымен, президенттің жарлығы федералдық заңнамаға қайшы болғандықтан, оны да жарамсыз деп есептеді.

Дональд Трамп аталған жарлыққа 2025 жылғы 20 қаңтарда, қызметіне кіріскеннен кейін қол қойған болатын. Құжатқа сәйкес, мемлекеттік органдар АҚШ аумағында дүниеге келген, бірақ ата-анасы елде заңсыз жүрген балаларға азаматтық беруден бас тартуы тиіс еді. Сондай-ақ анасы АҚШ-қа уақытша негізде (визасыз режиммен, студенттік, жұмыс немесе туристік визамен) келген, ал әкесі АҚШ азаматы немесе тұрақты тұруға рұқсаты бар тұлға болып саналмайтын нәрестелерге де азаматтық бермеу көзделген.

Президент өз жарлығын түсіндіре отырып, туу арқылы азаматтық беру туралы конституциялық норма бастапқыда «құлдардың балалары мен олардың құқықтарын қорғау үшін қабылданғанын» айтқан. Оның сөзінше, бұл ереже «Қытайдан немесе басқа елдерден келген миллиардерлер үшін арналмаған».

АҚШ-та туу арқылы азаматтық алу құқығын бекіткен конституциялық түзету Азаматтық соғыстан (1861-1865) кейін қабылданды. Соның нәтижесінде 1857 жылғы Жоғарғы соттың афроамерикалықтардың азаматтық алу құқығын жоққа шығарған шешімі күшін жойған.