Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Президенттер халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентінің биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытына айтарлықтай серпін бергенін атап өтті.
«Екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр. Әңгімелесу барысында шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.
Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті.