Доллар арзандады: 30 маусымға арналған ресми бағамы жарияланды

Автор: Асыл Арман

Қазақстан Ұлттық банкінің 30 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 480,72 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,54 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 30 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы – 485,82 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта айырбастау пунктеріндегі орташа бағам мынадай:

  • Алматыда долларды сатып алу – 478,83 теңге, сату – 481,55 теңге;
  • Астанада сатып алу – 477,03 теңге, сату – 484,03 теңге;
  • Шымкентте сатып алу – 479,56 теңге, сату – 482,04 теңге.