Әлеуметтік желіде боқтап танымал болғысы келген қазақстандық блогер қамауға алынды (ВИДЕО)

Ол 36 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты

Әлеуметтік желіде боқтап танымал болғысы келген қазақстандық блогер қамауға алынды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желі арқылы боқтап танымал болғысы келген қазақстандық блогер қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, интернетте тараған бейнежазбада ер адам былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған. Бұл видео көп ұзамай полицияның назарына ілікті.

Полицейлер құқық бұзушының жеке басын жедел анықтады. Ол – 36 жастағы Алматы қаласының тұрғыны. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Полиция ескертеді: әлеуметтік желідегі лайк пен қаралым заңнан жоғары емес. Танымалдық үшін жасалған құқыққа қайшы әрекеттер міндетті түрде заң аясында бағаланып, тиісті жауапкершілікке әкеледі», – делінген ПД хабарламасында.