29.06.2026, 18:20
Жаңалықтар
Қазақстандық шахматшы жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде иеленді
Жастар арасындағы әлем чемпионатына 85 елден 742 жас шахматшы қатысты
Фото: Астана әкімдігі
Қазақстандық 15 жастағы шахматшы Сауат Нұрғалиев Италияның Монтесильвано қаласында өткен FIDE World Youth Chess Championships 2026 турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биылғы жастар арасындағы әлем чемпионатына U14, U16 және U18 жас санаттары бойынша 85 ел мен аумақтан келген 742 жас шахматшы қатысты. Қазақстан атынан жарысқа 35 спортшыдан құралған делегация сынға түст.
Еліміздің құрамасы сапындағы ең үздік нәтижені классикалық шахматтан Қазақстанның қазіргі ерлер чемпионы Сауат Нұрғалиев көрсетті. Ол U16 жас санатында 8,5 ұпай жинап, 152 қатысушының арасында үшінші орынға ие болды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды