$ 537.75  626.43  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2020, 23:24
Жаңалықтар

Елордада бірнеше көше мен көпір уақытша жабылады

Көлік жүргізушілері жол жүру бағыттарын алдын-ала жоспарлауы қажет

Елордада бірнеше көше мен көпір уақытша жабылады
Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласында көлік жүргізушілері жол жүру бағыттарын алдын-ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, 26 шілде мен 1 тамыз аралығында Амман көшесі бойымен Шарль де Голль көшесінен Ж.Тәшенов көшесіне дейінгі учаскеде, Шарль де Голль көшесі бойымен Амман көшесінен А. Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 

Сондай-ақ, Р. Дүйсенбаев көшесі бойымен Аспара көшесінен Герценге дейін жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 26-30 шілде аралығында аталған көшелердегі учаскелер жабылатын болады. 

Сонымен қатар Шарль де Голль көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскедегі М2 (Амман көшесі-Мәңгілік Ел даңғылы) көпірінің құрылысы бойынша жол - құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 26-31 шілде аралығында қозғалыс тоқтайды. 

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолда кептеліс жағдайын болдырмау үшін жол жүру бағытын алдын-ала жоспарлауы қажет.

Серіктес жаңалықтары