Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 16 миллионнан асты

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирустан жазылғандар саны 10 миллионға жуықтап қалды

Фото: ашық дереккөзден

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 16 миллилннан асты. Оның 9,9 миллионнан астамы жазылып шықты. Ал қайтыс болғандар саны 645 мыңға жуықтап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Джонс Хопкинс университетінің деректеріне сілтеме жасап.

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша АҚШ (4,1 млн) бірінші орында тұр. Алғашқы үштікті Бразилия (2,3 млн) мен Үндістан түйіндеп тұр.

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша алғашқы ондыққа Оңтүстік Африка (434 мың), Мексика (385 мың), Перу (375 мың), Чили (343 мың), Ұлыбритания (300 мың) және Иран (288 мың) кірген.