Маңғыстауда өз балаларына алимент төлемеген әке сотталып кетті

Оның алимент қарызы 4,7 млн теңгеге жеткен

Маңғыстауда өз балаларына алимент төлемеген әке сотталып кетті
Фото: ЖИ арқылы жасалды/Google Gemini

Маңғыстауда өз балаларына алимент төлеуден әдейі жалтартқан әке сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, биыл Маңғыстау ауданында алимент төлеуден әдейі жалтарған 9 тұлғаға қатысты қылмыстық істер тіркелді, тағы 14 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

«Азамат К. екі жыл бойы алименттік міндеттемелерін әдейі орындамай, жұмысқа орналасудан бас тартқан және қарызын өтемеген. Нәтижесінде 4,7 млн теңге көлемінде қарыз қалыптасқан. Соттың 2026 жылғы 22 сәуірдегі үкімімен ол кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды», – делінген прокуратураның хабарламасында.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 39 кәмелетке толмаған баланың құқықтары қорғалып, олардың пайдасына 7,5 млн теңге өндірілді.

Прокуратура алиментті әдейі төлеуден жалтару қатаң әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертеді.