Атырауда науқас жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды
Құлсарыда жағдайы күрт нашарлаған әйел Атырауға ТЖМ авиациясымен жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау облысында ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағымен әйел Құлсары қаласынан Атырау қаласына шұғыл түрде тасымалданды.
«Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде пациент облыс орталығына аман-есен жеткізіліп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.