Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ БАҚ қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысының 2026 жылғы 24 маусымдағы №304 өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:
- «Time kz» желілік басылымының бас редакторы – Руслан Фанилевич Бахтигареевке;
- «Egemen Qazaqstan» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі – Байқал Қайырлыұлы Байәділге;
- «NewTimes kz» ақпарат агенттігінің фототілшісі – Әлібек Әбдубәкірұлы Ибраевқа;
- «Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары – Қайрат Жанатұлы Мұсақұловқа берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:
- «Baq kz» ақпарат агенттігінің аға тілшісі – Олжас Адайға;
- «Хабар» агенттігі ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің редактор-сарапшысы – Ботагөз Бейсенбайқызы Айтжановаға;
- контентмейкер, креативті индустрияны дамыту жобаларының авторы – Жазира Жомартқызы Байдалыға;
- «Zakon kz» ақпарат агенттігінің тілшісі – Екатерина Алексеевна Елисееваға тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:
- «Астана» телеарнасының шығармашылық ұжымына;
- «Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына;
- «Жас Алаш» газетінің шығармашылық ұжымына;
- «Abai kz» ақпараттық порталының шығармашылық ұжымына жарияланды.