Астанада екі көліктің жүргізушісі жолға таласып, бір-біріне жұдырық ала жүгірген: екеуі де қамалып тынды (ВИДЕО)

Жолдағы дау жанжалмен аяқталды

Астанада екі көліктің жүргізушісі жолға таласып, бір-біріне жұдырық ала жүгірген: екеуі де қамалып тынды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Астанада «Lixiang» мен «Kia» маркалы автокөліктердің екі жүргізушісі жолды бөлісе алмай, жұдырықтасып шешпек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан екі азаматтың да жеке басын анықтады. Олар полиция бөліміне жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды.

Сот шешімімен әрбір құқық бұзушыға бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

«Полиция жолдағы кез келген агрессиялық әрекет қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу болып табылады және оның жолы қатаң түрде кесілетінін ескертеді. Мұндай әрекеттер жол қозғалысының басқа қатысушыларының қауіпсіздігіне қатер төндіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және көлік тізгінінде жанжал туғызатын жағдайларға жол бермеуге шақырамыз», – делінген ПД-ның агенттік тілшісіне берген пікірінде.