Көз жұмған мотоцикл жүргізушісі небәрі 20 жаста болған
Ақтауда жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға кеше 3 және 1-шағынаудандардың арасындағы жолда болған.
Мәліметке сәйкес, көз жұмған мотоцикл жүргізушісі небәрі 20 жаста болған.
Алдын ала ақпарат бойынша, «ВАЗ» маркалы жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан жас мотоциклші оқиға орнында қаза тапты.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік айып тұрағына қойылды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.