Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аптап ыстық +37 градусқа дейін жетеді. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ пен екпінді жел күтіледі
Қазақстанда 25 маусымда да жазғы ыстық ауа райы сақталады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы +33...+37 градусқа дейін көтеріледі. Өңірлердің басым бөлігінде күндіз ауа температурасы +30 градустан жоғары болады. Елдің солтүстігі, орталығы және шығысындағы жекелеген аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +26...+28 градус.
Алматыда құбылмалы бұлтты. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +30...+32 градус.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +33...+35 градус.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +25...+27 градус.
Ақтауда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде тұман түседі. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +28...+30 градус.
Атырауда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +31...+33 градус.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +29...+31 градус.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +26...+28 градус.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +27...+29 градус.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +33...+35 градус.
Қостанайда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +24...+26 градус.
Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +34...+36 градус.
Павлодарда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +30...+32 градус.
Петропавлда бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, күндіз дауыл болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +25...+27 градус.
Семейде құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +28...+30 градус.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты. Түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +31...+33 градус.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +31...+33 градус.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +35...+37 градус.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +26...+28 градус.
Өскеменде құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +28...+30 градус.