Ем емес, у таратқан ба: Алматыда фармацевтердің күшті әсер ететін дәрілерді рецептсіз сатқан
Олардан 3,3 мыңнан астам дәрі тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалды
Қазақстанда есірткі, прекурсорлар, психотроптық және күшті әсер ететін заттардың заңды айналымын бақылау мақсатында есірткі және прекурсорлардың заңды айналымымен айналысатын 1 мыңнан астам заңды тұлға тексерілді, оның ішінде 876 дәріхана, 278 аурухана мен емхана, сондай-ақ 203 өнеркәсіптік кәсіпорын бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Операция барысында 31 қылмыстық іс қозғалды, оның 21-і күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы фактісі бойынша және 10-ы жеке дәріханалардың фармацевттеріне қатысты дәрілік препараттарды рецептсіз сату фактісі бойынша.
Өнеркәсіп саласында 4,6 мың тонна әртүрлі прекурсорлардың айналымы шектеліп, 86 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Медицина саласында құрамында есірткісі бар 22 мың дәрілік препараттардың айналымы шектеліп, 120 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Мәселен, Астана қаласында құрамында есірткісі бар препараттардың заңсыз айналымы үшін фитнес клубтарда жаттықтырушы болып жұмыс істейтін 2 тұрғын ұсталды.
Өскемен қаласында Wildberries маркетплейсімен өзара іс-қимыл жасау барысында елге тыйым салынған сибутрамин заты бар салмақ түсіретін биологиялық белсенді қоспаны жеткізу арнасы тоқтатылды.
Алматы қаласында күшті әсер ететін дәрілік заттарды рецептсіз сатқаны үшін жеке дәріханалардың фармацевтері ұсталып, 3,3 мыңнан астам осындай дәрілер тәркіленіп, қылмыстық істер қозғалды.