Елордалық зейнеткерлер халықаралық байқауда жеңіске жетті

Олар би байқауында үздік деп танылды

Елордалық зейнеткерлер халықаралық байқауда жеңіске жетті
Фото: БҰӨМ

Түркияның Анталия қаласында өткен «Dance with your soul!» халықаралық би байқауында Қазақстан атынан қатысқан елордалық аға буын бишілер жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше марапат иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған өнер додасына Түркия, Грузия, Ресей және Қазақстан елдерінен барған би ұжымдары қатысып, жалпы 115 конкурс нөмірі ұсынылды.

Қазақстанның намысын Нұра ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Қыздарай» халықтық ансамблі мен «Аңыз» хореографиялық ансамблі қорғады. 45 жастан асқан өнерпаздар санатында өнер көрсеткен ұжымдар сахнада ұлттық және заманауи билерді жоғары деңгейде орындады.

Байқау қорытындысы бойынша «Аңыз» хореографиялық ансамблі «Сезім әуені» биі үшін Гран-при иегері атанды. Ал «Қыздарай» халықтық ансамблі «Кең дала» ұлттық биімен Гран-при жеңіп алып, сондай-ақ «Симфония души» классикалық биі үшін тағы бір бас жүлдеге ие болды. Бұдан бөлек, «Шаттық би» заманауи қойылымы І орынға лайық деп танылды. Ұжымға Ирина Смағұлова жетекшілік еткен.