Қазақстанда 39 градусқа дейін ыстық болады: 20 маусымға арналған ауа райы болжамы

Елдің оңтүстігі, батысы және орталығында аптап ыстық сақталса, бірқатар өңірде жаңбыр мен найзағай күтіледі

Қазақстанда 39 градусқа дейін ыстық болады: 20 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: © istockphoto.com

Қазақстанда 20 маусым күні жазғы аптап ыстық сақталады. Синоптиктердің болжамынша, елдің оңтүстік, батыс және орталық өңірлерінде ауа температурасы +35...+39 градусқа дейін көтеріледі. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада күн ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +33...+35 градус болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні күшеюі мүмкін. Түнде +19...+21, күндіз +29...+31 градус.

Шымкентте күн ала бұлтты. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +33...+35 градус.

Ақтөбеде күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде +16...+18, күндіз +31...+33 градус.

Ақтауда жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Түнде +23...+25, күндіз +31...+33 градус.

Атырауда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +36...+38 градус.

Жезқазғанда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +20...+22, күндіз +34...+36 градус.

Қарағандыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +16...+18, күндіз +30...+32 градус.

Көкшетауда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус.

Қонаевта жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +32...+34 градус.

Қостанайда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +16...+18, күндіз +31...+33 градус.

Қызылордада аптап ыстық сақталады. Түнде +22...+24, күндіз +37...+39 градусқа дейін көтеріледі.

Павлодарда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +16...+18, күндіз +31...+33 градус.

Петропавлда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +30...+32 градус.

Семейде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +15...+17, күндіз +31...+33 градус.

Талдықорғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +18...+20, күндіз +34...+36 градус.

Таразда мезгіл-мезгіл жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде +17...+19, күндіз +28...+30 градус.

Түркістанда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел күшейеді. Түнде +20...+22, күндіз +35...+37 градус.

Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +26...+28 градус.

Өскеменде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Түнде +15...+17, күндіз +33...+35 градус.