25.07.2020, 13:18
Жаңалықтар
Бурабай карантинге жабылып, шомылуға тыйым салынды
Көл жағасында құстардан басқа тірі жан жоқ
Фото ашық дереккөзден
Туристік аймақтың кіреберісіне блок-бекеттер орнатылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар-24».
Көл жағасын патрульдік полиция қызметкерлері бақылап жүр. Ал, Бурабайға карантинге дейін келген азаматтар үшін арнайы хабарландырулар ілінген. Бірақ шектеу шаралары демалушылардың көңілінен шықпаған сыңайлы.
Жазда отыратын орын болмайтын су жағасында қазір шағалалардан басқа тірі жан жоқ. Айналаның барлығы ала жіппен қоршалған. Шомылуға тыйым салынғандықтан, жергілікті тұрғындар велосипед теуіп, серуендеуді ермек қылып жүр. Карантиннен кейін өзгерген тағы бір көрініс, көл жиегі қоқыстан тазарған. Жағалауға темір жәшіктер де қойылыпты.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты