Конгода эбола вирусы өршіп тұр: көз жұмғандар саны 232 адамға жетті

Ауруды жұқтыру 15 мамырда тіркелген

Конгода эбола вирусы өршіп тұр: көз жұмғандар саны 232 адамға жетті
Фото: istockphoto.com

Конго Демократиялық Республикасында (КДР) расталған эбола вирусын жұқтыру жағдайларының саны 896-ға жетті. Оның ішінде 232 адам көз жұмған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау органдары жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрлігінің күнделікті есебіне сәйкес, сәрсенбі күні елдің шығысындағы Итури және Солтүстік Киву провинцияларында 21 жаңа расталған жағдай тіркеліп, оның алтауы өліммен аяқталған.

Бундибуджио эболавирусынан туындаған індет Итури, Солтүстік Киву және Оңтүстік Киву провинцияларындағы 33 денсаулық сақтау аймағын қамтыған.

Денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, қазіргі уақытта 383 науқас оқшауланып ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал 78 адам дерттен айығып шыққан. Оның ішінде 11 пациент бақылау сынақтарының теріс нәтижесінен кейін сауығып кеткендер қатарына қосылған.

Сонымен қатар бір күнде 151 күдікті жағдай тіркелген, оның 35-і өліммен аяқталған. Билік өкілдерінің хабарлауынша, үш провинция бойынша 6367 адам вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар ретінде бақылауға алынған. Олардың 4525-іне есепті кезеңде мониторинг жүргізіліп, бақылау деңгейі 71,1 пайызды құраған.

Айта кетейік, бұл Конгодағф эболаның 17-ші індеті. Аурудың өршуі ресми түрде 15 мамырда жарияланған болатын.