Черногория президентін қарсы алу рәсімі Тәуелсіздік сарайында өтті
Қазақстанға ресми сапармен Черногория президенті Яков Милатович келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Черногория президентін қарсы алу рәсімі Тәуелсіздік сарайында өтті.
Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
«Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.