Аптап ыстық күндер: Қазақстанда алдағы үш тәулікте 41 градус ыстық болады

Еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр

Аптап ыстық күндер: Қазақстанда алдағы үш тәулікте 41 градус ыстық болады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы демалыс күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейіп, екпіні артады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

21-22 маусым күндері еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

«Ауа температурасы 30-38 градусқа дейін жоғарылайды. 21-22 маусымда республиканың солтүстік-батысында және орталығында аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы 40-41 градусқа дейін жетеді. Тек батыс өңірлерде ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы 22-33 градус шамасында болады», – делінген синоптиктердің болжамында.