Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 80 мың адамнан асты

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың 51 620-сы емделіп шыққан

Елімізде өткен тәулікте тағы 1740 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Жұқтырғандардың 816-да ауру симптомдары жоқ болса, қалғандарына дәрігерлер көмек беріпм жатыр.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 251 / 102
  • Алматы қаласы - 220 / 118
  • Шымкент қаласы - 39 / 17
  • Ақмола облысы - 51 / 27
  • Ақтөбе облысы - 36 / 13
  • Алматы облысы - 53 / 44
  • Атырау облысы - 156 / 112
  • Шығыс Қазақстан облысы - 215 / 95
  • Жамбыл облысы - 61 / 40
  • Батыс Қазақстан облысы - 91 / 48
  • Қарағанды облысы - 150 / 62
  • Қостанай облысы - 60 / 35
  • Қызылорда облысы - 80 / 32
  • Маңғыстау облысы - 64 / 26
  • Павлодар облысы - 109 / 24
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 85 / 9
  • Түркістан облысы - 19 / 12

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 80 226 адамға жетті.