25 шілде күнгі ауа райы болжамы
Сенбі күні республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
25 шілде күні Қазақсанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар, күндіз Ақмола облыстарында желдің екпіні секундына 23-25 метрге жетеді.
Қарағанды облысында 23-28 метр болса, Қостанай облысында түнде және таң ата тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Күндіз желдің екпіні секундына 25 метрге жетіп, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысында таң ата және күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрып, соңғы шаңды дауылға ұласуы ықтимал.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Жамбыл облысында түнде және таң ата бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Алматы, Қызылорда, Атырау облыстары мен Маңғыстау облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.
Атырау, Қызылорда облыстары мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік-батысында өрт қауіпі сақталады.