Қазақстанда ондаған мың электромобиль бар: олардың басым бөлігі – Алматыда
Мамыр айында Қазақстанда 147,7 мыңнан астам көлік тіркелді
Қазақстанда 2026 жылдың мамыр айында 147,7 мың автокөлік құралы есепке қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Есепке қойылған көліктердің ішінде 129 мыңы – жеңіл автомобиль, 8,7 мыңы – жүк көлігі, 1,3 мыңы – автобус, 1,6 мыңы – мотоцикл, 3,6 мыңы – тіркеме және 3,3 мыңы өзге де көлік түрлері.
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елде барлығы 5 млн 995 мың автокөлік тіркелген.
Автопарктің құрылымы мынадай:
- 84,2% – жеңіл автомобильдер;
- 8,0% – жүк көліктері;
- 4,3% – тіркемелер;
- 1,5% – автобустар;
- 1,2% – мотоциклдер;
- 0,8% – өзге көлік құралдары.
Статистикаға сәйкес, елдегі көліктердің басым бөлігі бензин пайдаланады:
- 80,0% – бензин;
- 7,6% – дизель отыны;
- 6,5% – аралас отын түрі;
- 0,4% – газ-баллон жабдығы.
Сонымен қатар электр көліктерінің саны артып келеді. Маусым айының басындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 32 479 электромобиль тіркелген. Бұл жалпы автопарктің 0,5%-ын құрайды.
Электромобильдердің ең көп саны мына өңірлерде тіркелген:
- Алматы – 17 506;
- Астана – 3 235;
- Алматы облысы – 2 857;
- Шымкент – 1 042.