Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
Соңғы үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне орай өткен салтанатты жиында денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент өз сөзінде мемлекет медицина саласын дамытуға әрдайым баса назар аударатынын, қазір де осы бағытта ауқымды жұмыс істеліп жатқанын әрі нақты нәтижелер бар екенін айрықша атап өтті.
«Былтыр еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Соңғы үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш. Кейінгі жеті жылда еліміз бойынша 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды. Медициналық сақтандыру саласы да заман талабына сай жаңғыртылды», – дейді президент.