18.06.2026, 09:32
Жаңалықтар
Алатау қаласында саяжайда демалып жүрген әйел оқыс жағдайда көлік астында қалды
Алматы облысында құтқарушылар автокөлік астында қалған әйелге көмек көрсетті
Фото: ҚР ТЖМ
Алатау қаласында саяжай аумағында демалып жүрген әйел оқыс жағдайда көлік астында қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, 112 пультіне Алатау қаласындағы «Простор» саяжай қоғамы аумағында болған қайғылы оқиға туралы хабарлама түсті. Оқиға салдарынан әйел адам автокөлік астында қалып қойған.
«Оқиға орнына келген құтқарушылар жергілікті тұрғындармен бірлесіп зардап шегушіні көлік астынан шығарды. Әйел адам қауіпсіз жерге жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. ТЖМ ескертеді: төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды