16-19 маусым аралығында Ұлы Дала даңғылының бір бөлігі жабылады
Астанада жеке компания өз қаражатына сол жағалаудың көшесін жөндейтін болды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ұлы Дала даңғылының (А52) Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі аралығында асфальт жабынын ауыстыру жұмысын жүргізеді. Бұл жұмыс мердігер ұйымның қаражаты есебінен кепілдік міндеттемелер шеңберінде жүргізіледі», – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, осыған байланысты, 16-19 маусым аралығында аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да қатынайды.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.