Қостанай облысында Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Жаяу жүргінші ауруханада көз жұмды
Қостанай облысының Лисаков қаласында Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің жүргізушісі бұрылу маневрін жасау кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші ауруханада көз жұмды.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция жүргізушілерді маневр жасау кезінде барынша мұқият болуға, жылдамдық режимін сақтауға және Жол қозғалысы қағидаларының талаптарын қатаң орындауға шақырады», – делінген облыстық ПД хабарламасында.