Құлаған адамның басынан тепкен: Ақтауда екі ер адамның төбелескен видеосы жарияланды
Ақтауда тұрғын үй ауласында ер адамдар арасында төбелес болды
Ақтауда тұрғын үйлердің бірінің ауласында екі ер адамның төбелесі видеоға түсіп қалды. Оқиға куәгерлері жанжал сәтін әлеуметтік желілерде жариялаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Видеода екі ер адамның жанжалдасып жатқанын көруге болады. Олардың бірі екіншісінен қашуға әрекеттенгенімен, сүрініп құлап қалады. Осы сәтте екінші ер адам жүгіріп келіп, оның басынан бірнеше рет тепкен.
Оқиғаны куәгерлердің бірі ұялы телефонға түсіріп алып, кейін әлеуметтік желіге жариялаған.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша полицияға ешқандай хабарлама түспегенін мәлімдеді.
«Аталған дерек бойынша хабарлама түскен жоқ. «102» нөміріне ешқандай қоңырау түспеген. Сондай-ақ зардап шеккен азамат медициналық мекемелерге жүгінбеген», – деп хабарлады ведомство өкілдері.